Блог статистикасы
195
Жазбалар
3546
Өтініштер
150362
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қаласы, М.Хәкімжанова көшесі, 7, анықтама телефоны: 8 (7142)-50-77-24, 55-86-28 (факс), электрондық мекенжайы: transport@kostanay.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын техникалық қадағалау бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 109 898 теңгеден 148 301 теңгеге дейін – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Автомобиль жолдарын, көпірлерді және жасанды құрылстарды пайдалану, салу, қайта жаңғырту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады жән бақылайды; жұмыстарды орындауын, орындалған жұмыстарды сапасын және оны қабылдауын бақылайды; орташа жөндеу бойынша - ақай ведомосын құрастыруды, орындалған жұмыстардың сапасы мен қабылдауын бақылайды; күрделі жөндеу бойынша – ақау ведомосын құрастыруды, жұмыстарды ұйымдастырылуын, орындалған жұмыстардың сапасы мен қабылдауын бақылайды; қайта жаңғырту мен салу бойынша - жұмыстарды ұйымдастырылуын, орындалған жұмыстардың сапасы мен қабылдауын бақылайды; автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануға және қалпында ұстауға, жабдықтаудың деңгейін жоғарлатуға, сәулеттік рәсімдеу мен инженерлік жабдықтауға жүйелі бақылауды ұйымдастырады, барлық бекітілген жолдар торабы бойынша тоқсандық есептерді өткізуне қатысады және бақылайды; жүру қабілеттігіне жүйелі қадағалауды жүргізеді; автомобиль жолын сақтау сапасына бағалауды; автомобиль жолдарын көктемде және күзде қарауын жүргізеді; бектіліген жолдар торабында автомобиль қозғалысының қауіпсіздігін қамсыздандыру бойынша іс-шараларын әзірлейді және жүзеге асырады. Күрделі, орташа жөндеуге, жобалау-іздестіру жұмыстарына арналған титулдық тізімдері құрастыруға қатысады; автомобиль жолдарында ЖКА талдау жасайды, ЖКА зертеуге қатысады, ЖКА бойынша есептер жүргізеді; әр түрлі коммуникацияларды автомобиль жолдарымен қиылысуын келіседі, жұмыс өндірісі құқығына ордерлер береді; жол белгілерін қоюды келіседі; жол белгілерін қоюды және оларға деген қажеттілікті бақылайды; автожолдардағы апаттық-қауіпті (осал) жерлерді есепке алады.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білімі: Техникалық ғылымдар және технология (Құрылыс, Құрылыс материалдарды, бұйымдар мен кұрылымдарды өндіру, Көлік, көлік техникасы мен технологиялар, Көлік құрылысы, Автоматандыру және басқару, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Материал тану және жаңа материалдар технологиясы, Геодезия және картография, Машина жасау, Авиациялық техника және технологиялар, Теңіз техникасы мен технологиялар, Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша), Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы, Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану, Инженерлік жүйелер және желілер);

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика, Қаржы, Менеджмент, Есеп және аудит, Әлемдік экономика, Маркетинг, Жобаларды басқару);

Құқық.

Жұмыс тәжірибесі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық тұрғыда ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының (әрі қарай - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

         1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Барлық мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, М.Хәкімжанова көшесі, 7 үй, 5 қабат, құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не болмаса «Е-gov» электронды Үкімет порталы және «Е-қызмет» ықпалдыстырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – ішкі конкурсты өткізу жөніндегі хабарлама жарияланған соңғы күнінен бастап 3 жұмыс күнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссияға әңгімелесуден өту үшін жіберілмейді.

         Барлық мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Осы лауазымға үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Қағидаларда белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 



 


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

хат жіберу