Блог статистикасы
196
Жазбалар
2740
Өтініштер
131745
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Бұл туралы индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мәселелелеріне қатысты Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Бағдарламаның табысты іске асырылуы өңдеу өнеркәсібінің 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша 5,7%-ға өсуіне ықпал етті. Өсім негізінен металлургия (+13%), тамақ өнеркәсібі (+8,5%), мұнай өңдеу (+5,1%), химия өнеркәсібі (+4,7%) және фармацевтика (+47,2%) салаларындағы өндірістің артуы есебінен қамтамасыз етілді»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша 10,5%-ға өсіп, 15,5 млрд. АҚШ. долларын құрады. 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі (2015 жылдың тиісті кезеңіне)1,9%-ға өсті және 22,3 мың АҚШ долл./адамды құрады.

2017 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға өсіп, 981,6 млрд. теңгені құрады.

3 жылда (2015-2017жж.) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн. теңге қаржыға 378 жоба іске қосылып,30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Жалпы, 2017 жылы 1,5 трлн. теңге қаржыға 120 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ биыл құны 51,5 млрд. теңге болатын«Проммашкомплект» ЖШС (Павлодар облысы)теміржол доңғалақтары өндірісінің кешені  жәнеқұны27,7 млрд.теңге болатын үлкен диаметрлі болат құбыр өндіретін«Эйжа Стил Корпорейшн» ЖШС (Алматы қ.) зауытысияқты индустриялық жобалар іске қосылады»,-деді министр.

2018 жылдың соңына дейін 1 трлн.теңгеқаржыға150 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ондашамамен 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Фото мұрағаттан алынды

http://roads.mid.gov.kz/kk/news/2018-zhyly-iidmb-ayasynda-1-trln-tenge-karzhyga-150-zhana-zhobany-is...

хат жіберу