Блог статистикасы
196
Жазбалар
2740
Өтініштер
131745
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Бүгінгі күні экспорттық тауарлардың сапасы айтарлықтай жақсарды.Шетелге шығарылатын өнімдердің үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі. Кейбір тауарларүшін жаңа нарықтар ашылды. Бұл туралы индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мәселелелеріне қатысты Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Орталық Азия елдеріне экспортталатын тауар 30%-ға артты. Бұл елдерге экспорттың көлемі 1,5 млрд.АҚШ долларын құрады. Қазақстан негізгі жеткізушілердің бестігіне кіреді және осы елдерге импортталатын тауарлардың 8%-н құрайды. Отандық өндірушілердің фармацевтикалық өнім жеткізу көрсеткіші 34%-ға өсті (19 млн.АҚШ долл. дейін). Фармацевтикалық препараттар мен медициналық бұйымдар негізгі нарықтардан бөлек алғаш рет Моңғолия мен Вьетнамға экспортталды. Сондай-ақ, металлургиялық және химиялық өнімді өткізу нарығы кеңеюде. Өнім қазір АҚШ-қа және Еуропа елдеріне жеткізіледі»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, «Азия Автоның» жеңіл автомобильдері алғаш рет Қытай халық республикасына (2017 жылы 988 бірлік Lada Niva), «Сарыарқа Автопром» ЖШС автомобильдері Тәжікстанға экспортталды (2017 жылы55 бірлік JAC). «ДонМар» компаниясы өндіретін ору машиналары Ресей нарығына экспортталып келеді (2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін – 94 бірлік).

«Тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Экспорттың жалпы көлемі 1,6 млрд.АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, ет және құс өнімдерін Ауғанстанға, Біріккен араб әмірлігімен Иранға, өсімдік майы мен балды Қытайға экспорттау басталды.

Жыл сайын 380 экспорттаушы қаржылық және сервистік қолдауға ие болады»,-деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы басталды. Онда инновациялар мен озық технологиялар трансфертін дамытуға, өнеркәсіпті цифрландыру мен стандарттау жүйесін дұрыс бейімдеуге айрықша назар аударылатын болады.

Фото мұрағаттан алынды

http://roads.mid.gov.kz/kk/news/kazakstannyn-ondeu-onerksibi-onimderi-lemnin-122-eline-eksporttalady

хат жіберу