Блог статистикасы
195
Жазбалар
3261
Өтініштер
142722
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қаласы, М.Хәкімжанова көшесі, 7, анықтама телефоны: 8 (7142)-50-77-24,  55-86-28 (факс), электрондық мекенжайы: transport@kostanay.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (D-О-2 санаты) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 163166 теңгеден 220682 теңгеге дейін – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, жоғарғы тұрған органдардың бағдарламалық құжаттарын уақытында және сапалы орындауына бақылау жасайды; Бекітілген тәртіпте енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, бекітілген қаржыландырудың жоспарына сай, нысаналы бағыттар бойынша ашылған лимиттерге сәйкес бюджеттік қаражаттардың дұрыс және тиімді шығындауына бақылау жасайды; Жалпы пайдаланатын көлігімен жүретін жолаушылар үшін қажетті жағдайларды туғыздыруға жәрдем көрсетеді; Халықты сапалы автокөлік қызметтерімен қамсыздандыру, жолаушылар тасымалы, автомобиль көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдем көрсетеді; Көлік инфрақұрылымы саласында инвестиициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеу мен іске асыру жөніндегі жұмысты үйлесітерді; облыстың автокөлік кешені кәсіпорындарының қызметін үйлестіреді; Жолаушылар мен багаждың тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль тасымалдауы бойынша қозғалыс кесетелері мен маршруттарын келіседі; Бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігіне бағалау өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, әкімші болып Басқарма табылатын бюджеттік қаражаттарының игерілуіне мониторинг өткізеді. Басқарманың және ведомствалық бағыныстағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін қадағалайды.

Жолаушылар көлігі және тасымалдау бөлімінің және қаржы бөлімінің қызметін бақылайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика, Қаржы); Техникалық ғылымдар және технология (Құрылыс, Құрылыс материалдарды, бұйымдар мен кұрылымдарды өндіру, Көлік, көлік техникасы мен технологиялар, Көлік құрылысы); Қызметтер (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану).

Жұмыс тәжірибесі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық тұрғыда ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының (әрі қарай - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

         1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілері арасында конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, М.Хәкімжанова көшесі, 7 үй, 5 қабат, құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не болмаса «Е-gov» электронды Үкімет порталы және «Е-қызмет» ықпалдыстырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – ішкі конкурсты өткізу жөніндегі хабарлама жарияланған соңғы күнінен бастап 3 жұмыс күнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссияға әңгімелесуден өту үшін жіберілмейді.

          «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілері арасында ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»  ММ тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

03.07.2018ж.

  

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

хат жіберу