Блог статистикасы
195
Жазбалар
3546
Өтініштер
150362
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын дамыту» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2017 жылдары халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен реконструкциясына 932 миллиард 4 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде Ұлттық қордан – 472,8 млрд. теңге қарастырылған. Бөлінген қаржы еліміздің барлық аймақтарында 5,6 мың шақырымнан астам жолға құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. 3 жылдың қорытындысы бойынша 1,8 мың шақырым жолда қозғалыс ашылды. Барлық жобаға 80 мыңға жуық адам тартылды. Жол құрылысына пайдаланылған отандық өндірушілер материалдарының үлесі 95%-дан асады.

Қазіргі уақытта Сәулелік  принцип бойынша Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерінің реконструкциясы жүргізілуде. Орталық-Оңтүстік дәлізі бойынша Астана-Теміртау (171 км) және Алматы-Қапшағай (104 км) учаскелерінде қозғалыс ашылды. Биыл Теміртау-Қарағанды (14 км) учаскесіндегі қозғалысты ашамыз. Қарағанды қаласының айналма жолында (48 км) және Құрты-Бурылбайтал (228 км) учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр.

Орталық-Шығыс дәлізінің реконструкциясы толық қарқында жүргізілуде. Бүгінгі күні Астана-Павлодар (200 км) және Павлодар-Семей-Қалбатау (204 км) учаскелерінде қозғалыс ашық. Биыл 500 шақырым жолда жұмыстар жүргізілуде, 239 шақырым жолды жыл соңына дейін аяқтаймыз.

Орталық-Батыс жобасы аясында Қандыағаш-Мақат Макат (299 км) учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр. Ұзақтығы 120 шақырым болатын Ақтөбе-Қандыағаш (60 км) және Атырау-Астрахань (60 км) учаскелерінде реконструкциялау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ шекара бойындағы аймақтардың көршілес мемлекеттермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамыту үшін Ресей Федерациясына шығатын Орал – Тасқала (100 км) Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (61 км) жобалары іске асырылуда. Қытай Халық Республикасына шығатын Қалбатау – Майқапшағай (415 км), Үшарал – Достық (184 км), Таскескен – Бақты (20 км) жобалары да қолға алынған. Маңғыстау облысында Өзбекстан Республикасына шығатын Бейнеу – Ақжігіт (84 км) автожолдары реконструкциялануда.

Сонымен қатар Щучинск – Зеренді   (80 км), Қостанай – Денисовка (114 км), Жетібай – Жаңаөзен (73 км), Қордай айналма жолы (80 км), Ұзынағаш – Отар (96 км), Меркі – Бурылбайтал (266 км), Осинов асуы (32 км) және Талдықорған – Өскемен (763 км) автожолдарын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл алғашқы ірі концессиялық жоба «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын» салу жұмысы басталды. Ол транзиттік ағынның Алматы қаласының сыртымен айналып өтуіне және қаланың экологиялық ахуалына оң әсерін тигізетін болады.

Республикалық маңыздағы автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға биыл 76,9 млрд. теңге қарастырылған. 2018 жылдың соңында Денисовка-Қарабұтақ (40 км), Кеген-Жалаңаш-Сәтті (35 км) және Ақсу-Курчатов (24 км) автожолын пайдалануға беру жоспарланп отыр. Бұдан бөлек, күрделі жөндеу жұмыстары аясында 33 апатты көпір мен өтпежолдар, 17 жаяу жүргіншілер өтетін жол жасалады. Сондай-ақ, 5 шекаралық бекет өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Қарақоға, Ауыл, Уба, Жаңа Жол, Сырым)

1 620 шақырым жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 491 шақырымға жолдың қатты қабатын өңдеу технологиясы, 650 шақырымға ресайклинг технологиясы, 479 шақырымға жабын құрылғылары қолданылды.  Сондай-ақ 6 демалыс алаңдарын абаттандыру, 17 су өткізетін құбырды жөндеу және 52 шақырымды жарықтандыру жоспарланып отыр.

Бюджетке түсетін салмақты азайту үшін және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автожолдарды күтіп ұстау мәселесін қамтамасыз ету мақсатында ақы алу жүйесін енгізу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, жалпы ұзақтығы 469 шақырым болатын «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» учаскелерінде ақы алу жүйелерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзақтығы 5,5 мың шақырым болатын 13 учаскеге ақы алу жүйесін орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары аяқталады. Оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі де бар.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын (ААӨҚ) ұйымдастыру бойынша белгіленген жұмыстар жүргізілуде.  Қазіргі уақытта 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары бар. Биыл Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелеріне ақы алу жүйесін енгізу аясында тағы 11 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын іске қосу жоспарланып отыр. 2019-2020 жылдары ақылы жолдар мен шекара маңында өткізу бекеттеріне 34 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы орнатылатын болады.

Бүгінгі таңда республикалық жол желілерінде 1 859 жол бойында қызмет көрсету нысаны бар. Олардың 42% немесе 780-і Ұлттық стандартқа сай келеді. Жыл аяғына дейін 70 нысанды стандартқа сай келтіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар қолданыстағы нысандарды жетілдіру, қызметтердің толық спектрі бар жаңа нысандар салу және KazWay модульдік павильондарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қызмет көрсету нысандары туралы ақпаратты IRU Transpark, GoogleMaps, Яндекс Карта цифрлы карталарына енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл жергілікті жолдарды жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 145,9 млрд. теңге бөлінді (РБ-57,7 млрд.тг., ЖБ-88,2 млрд.тг.). 2017 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 58,9 млрд. теңгеге ұлғайды (2017 ж. – 87 млрд.тг., оның РБ – 33,5 млрд. тг., ЖБ – 53,5 млрд.тг.).

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында, сондай-ақ 2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай жергілікті желі жолдарын жөндеуге жұмсалатын қаржы 145 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, жыл сайынғы қаржыландыру көлемі 150 млрд. теңгеге жетті. Бұл шаралар жергілікті желінің шамамен 4 мың шақырым жолын жөндеуге мүмкіндік береді. Яғни, 2025 жылға қарай жергілікті маңызы бар автожолдардың 85% жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жетеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық жобаларды кең ауқымда іске асыру - Қазақстанның ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының катализаторы болады. Сондай-ақ, ел ішіндегі аймақаралық байланыстарды қамтамасыз етеді және әлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуға мүмкіндік туады.

Бұл бағдарлама қосымша жұмыс орындарын құру арқылы дағдарысқа төтеп бере алатын сипатқа ие. Құрылыс материалдары, туризм, өндіріс сияқты салаларға және тұтастай алғанда ел экономикасына айтарлықтай мультипликативті ықпал етеді.

Көлік инфрақұрылымын жетілдіру нәтижесінде тасымалдау жылдамдығы артады, көлік шығындары төмендейді. Қазақстанның іскерлік белсенділігінің, өнімділік пен транзиттік әлеуетінің артуына жол ашады.

В рамках госпрограммы «Нұрлы жол» ведется реконструкция 4,6 тысячи км. автомобильных дорог

В рамках госпрограммы «Нұрлы жол» ведется реконструкция 4,6 тысячи км. автомобильных дорог

Фото: ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

http://roads.mid.gov.kz/kk/news/nurly-zhol-memlekettik-bagdarlamasy-ayasynda-46-myn-shakyrym-avtozho...

хат жіберу