Блог статистикасы
196
Жазбалар
2740
Өтініштер
131745
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында  Технологияларды трансферттеудің Еуразиялық жүйесін құру және жұмыс істеу тұжырымдамасы қабылданды (бұдан әрі – ТТЕЖ). Оны әзірлеуде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылған (2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 Еуразиялық Үкіметаралық Кеңесінің Шешімімен бекітілген).

ТТЕЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының инновациялық белсенділік деңгейін арттыруға, өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз етуге, тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін инновациялық ынтымақтастыққа ұйымдық қолдау көрсетуге бағытталған.

ТТЕЖ Одаққа мүше-мемлекеттердің ұлттық ресурстарымен интеграциялау мүмкіндігімен технологиялардың трансфері үшін технологияларды, ықтимал серіктестер мен жеткізушілерді іздеу үшін   негізгі ақпараттық және интеграциялық ресурсы ретінде құруы Одақтың ықпалданған ақпараттық жүйесі арқылы қолданыстағы платформаның (http://eurasianindustry.org) базасында қарастырылмақ.

ТТЕЖ қазақстандық бөлігінің жұмыс істеуі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның құралдары арқылы жүргізілетін болады.

Фото ашық ақпарат көзінен

http://roads.mid.gov.kz/kk/news/tehnologiyalardy-transfertteudin-euraziyalyk-zhuyesin-kuru-zhne-zhum...

хат жіберу