Блог статистикасы
195
Жазбалар
3534
Өтініштер
149922
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Руководство

Есенғұлов Бақытбек Жомартұлы 1988 жылы 5 маусымда Алматы қаласында туған. Ұлты – қазақ.

Білімі жоғары. 2009 жылы Қ.И Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін бітірді. Біліктілігі-Экономика. 2013 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірді, мамандығы – Мемелекеттік және жергілікті басқару.   

Б.Ж Есенғұловтың еңбек қызметі: 

2009 жылдың маусым айынан 2009 жылдың қыркүйек айына дейін - «Шаруашылық» КҚМК стажері, Ақтөбе қаласында.   

2009 жылдың қыркүйегі айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін -  Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы.   

2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2013 жылғы шілде айына дейін  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің жетекші маманы, консультант-инспекторы.   

2013 жылдың шілде айынан бастап 2015 жылдың қыркүйек айына дейін - Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі.   

2015 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қазан айына дейін - Қостанай облысы әкімінің көмекшісі.   

2015 жылдың қазанынан 2017 жылдың ақпанына дейін - Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.  

2017 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың ақпанына дейін - «АқтөбеСтройПрофиль» ЖШС қаржы директоры.   

2018 жылдың ақпанынан бастап 2018 жылдың шілдесіне дейін - «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2018 жылдың 12 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін - «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысы.

хат жіберу